17 жылдан кейін босады

Палестина деректеріне қарағанда Израиль түрмелерінде әлі де 4 мың 400 палестиналық азамат жатыр.

1523092
17 жылдан кейін босады

Израиль 17 жыл түрмеде отырған палестиналық Абдуррауф Каданды босатты.

Бұл туралы Палестина Азаттық ұйымына қарасты Тұтқындар және босатылғандар делегациясы зерттеу басшысы Абдунассыр Ферване мәлімдеме жасады. «Басқыншы күштер Абдуррауф Каданды 17 жылдық қапастан кейін еркін жіберді» деді ол.

Басқыншы күштер Каданды 2004 жылы 7 қараша күні 25 жасында қамауға алған болатын. «Фатх қозғалысына мүше болу және Израильге қарсы бас көтеру» қылмыстарымен айыпталған Кадан алдымен 25 жылға сотталып, артынан жазасы 17 жылға азайтылған еді.

Палестина деректеріне қарағанда Израиль түрмелерінде әлі де 4 мың 400 палестиналық азамат жатыр.  Олардың 39-ы әйелдер,  ал 155-і балалар.



Ұқсас жаңалықтар