Украиналықтар Әзербайжанға қолдау көрсетуде

Украиналық саясаткерлер Таулы Қарабақтың Әзербайжанның бір бөлшегі екенін білдіруде.

1517460
Украиналықтар Әзербайжанға қолдау көрсетуде

Украиналық саясаткерлер Таулы Қарабақтың Әзербайжанның бір бөлшегі екенін білдіріп, соғыстың доғарылуы үшін Арменияның әскерлерін шегеруі керектігін пайымдауда. 

Украина пармалент депутаты Рустем Умеров Анадолы хабар агенттігіне мәлімдеме жасады. 

Умеров мәлімдемесінде "Украина мемлекеті Таулы Қарабақты Әзербайжанның бір бөлшегі ретінде қабылдауда. Халықаралық ұйым болса Арменияны  жаулаушы ретінде қарамауда" деген сөздер қолданды. 

Қырым татар ұлттық мәжілісі  төрағасы Рефат Чубаров болса, соғыстың Әзербайжан территориясында жалғасқанын және Әзербайжанның 30 жылдан бері Арменияның жаулауы астындағы территорияны қайтарып алу үшін соғысқанын білдірді. 

Чубаров Таулы Қарабақта үш рет атысты тоқтату келісімінің жасалғанын, алайда Арменияның соғысты тоқтату келісімін үнемі бұзғанын түсіндірді. 

Чубаров "Түбегейлі атысты тоқтату үшін Арменияның әскерлерін Әзербайжан территориясынан шегеретіні жайлы уәде беруі керек" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар