Макронға халықаралық наразылықтар артуда

Макронның Исламды нысанаға алған және карикатура дағдарысындағы ұстанымына наразылықтар артты.

1517597
Макронға халықаралық наразылықтар артуда

Малайзия Франция президенті Эммануэль Макронның Исламға қарсы ұстанымы мен Әзірет Мұхаммедті нысанаға алған карикатураларға берген қолдауын айыптады.

Малайзия Сыртқы істер министрі Хишамуддин Хүсейин мәлімдемесінде Эммануэль Макронның саясаттарынан бастап, бүкіл әлемге тараған және күн өткен сайын мұсылмандарға қарсы артып отырған өшпенділікке назар аударып, «Малайзия басқа қоғамдар мен адамдардың құқығын бұзбаған соң сөз бостандығын қолдау тақырыбында табанды» деді.

Әзірет Мұхаммед пен Исламға қарсы жағымсыз сөз тигізудің сөз бостандығына жатпағанын атап көрсеткен Хишамуддин «Осындай әрекеттер Исламға және әлемдегің миллиардтаған мұсылманға қарсы ашық түрде арандатушылық болып табылады» деді.

Индонезияда Макронды айыптаған елдер қатарына қосылды.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Теуку Файзасях жасаған мәлімдемеде Францияның Индонезиядағы Өкілетті елшісі Оливер Чамбардты министрлікке шақыртып, Макронның Исламды нысанаға алған мәлімдемелері үшін мағлұмат алғандарын білдірді.

Файзасян кездесуде Макронның Исламға қарсы ұстанымын қатаң түрде айыптағандарын мәлімдеді.

Вице-президент Маруф Аминнің мәлімдемешісі болса Аминнің Макронның мәлімдемелерін айыптап, Исламофобиялық сөйлемдердің жалғасуына алаңдағанын атап көрсетті.

Нахдлатул Улема Жамағаты да Макронның Исламға қарсы ұстанымына наразылық көрсетіп, үкіметтің бұл жағдайға қатысты белсенді дипломатиялық қадамдар басуын талап етті.

Сомали Ғұламалар делегациясы да Макронның сөздерін сынға алып, француз тауарларын бойкот етуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар