Иран Қарабах мәселесін шешу ұсынысын дайындады

Иран дайындалған ұсынысты алдағы күндерде Баку мен Ереван әкімшілігіне ұсынады.

1517025
Иран Қарабах мәселесін шешу ұсынысын дайындады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Қарабах мәселесінің шешімі үшін бір ұсыныс дайындағандарын,  аталмыш ұсынысты алдағы күндерде Баку мен Ереван әкімшілігіне ұсынатындарын айтты.

Иран мемлекеттік телеарнасына сұхбат берген Зариф:

"Иран Таулы Қарабах мәселесінің шешімі үшін бір ұсыныс дайындады. Саяси істерге жауапты орынбасарым Аббас Еракчи тақырыпқа байланысты алдағы күндерде  Баку мен Ереванға барады" деді.

Зариф Әзербайжанның территория тұтастығына құрмет аясында мәселелерді бейбіт жолмен шешу керектігін баса дәріптеді.

Иранның ресми хабар арнасы ИРНА Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Еракчидің Бакуге сапарлай барғанын, алдағы күндерде Мәскеу, Ереван және Анкараға сапарлайтынын хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар