«Молаве» тайфунының тоқтайтын түрі жоқ

«Молаве» тайфуны салдарынан Филиппиндегі Манила қаласының оңтүстігіндегі жүздеген кентті су басты.

1516738
«Молаве» тайфунының тоқтайтын түрі жоқ

«Молаве» тайфуны салдарынан Филиппиндегі Манила қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан жүздеген кентті су басты. 

Филиппиндік лауазым иелері  жел екпіні cағатына  125 шақырымнан асқан тайфун салдарынан 120 адамның қауіпсіз аудандарға эвакуацияланғанын білдірді. 

Лауазымдылар 13  адамның хабар-ошарсыз кеткенін түсіндірді. 

Лауазым иелері жоғалып кеткен адамдар жайлы іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. 

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметіне қарағанда эвакуацияланған 25 мың адамнан басқа, тағы 20 мың азамат арнайы жабдықталған мектептер және үкіметтік ғимараттарды паналап отыр. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен-Шығыс Миндоро провинциясы. Мұнда жүздеген кент су астында қалды, ауылшаруашылық алқаптары күйреді, құлаған ағаштар жолдарды бөгеп тастады. Көптеген елді мекендер электрсіз отыр.

Филиппиннің теңіз көршісі Вьетнамда «Молаве» тайфуны салдарынан бір миллионнан астам адам қауіпсіз аудандарға эвакуациялана бастады. 

Вьетнам премьер-министрі тайфунмен байланысты ұйымдастырған бір жиналыста жергілікті басшыларға мөлшермен 1,3 мың адамды эвакуациялауға дайындық жасау жайлы бұйрық берді. 

 



Ұқсас жаңалықтар