Ливияда мұнай кен орындары жұмыс істей бастады

Бұл туралы Ливия Ұлттық мұнай мекемесі хабарлады.

1516112
Ливияда мұнай кен орындары жұмыс істей бастады

Ливия Ұлттық мұнай мекемесі елдегі барлық мұнай айлағы мен порттарының белсенді жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Ливияда мұнайдың шығарылуы, өңделуі, таратылуы және экспортына жауапты Ливия Ұлттық мұнай мекемесінің хабарламасына қарағанда, елдің оңтүстігіндегі Әл Филь мұнай айлағындағы кейбір себептердің жойылғаны білдірілді. Осылайша елдегі барлық мұнай айлақтары мен порттары белсенді жағдайға енді.

Экономикасының барлығына дерлігі мұнайға тәуелді Ливияда көмірсутек резервтердің шамамен 80 пайызы елдің шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Хафтар сарбаздарының бақылауындағы аймақтарда.


Этикеттер: #Хафтар , #Ливия , #мұнай

Ұқсас жаңалықтар