Коалиция күштері хоуситтердің 2 ұшқышсыз әуе көлігін құлатты

Йемендегі Иран қолдауындағы хоуситтер үнемі Сауд Арабиясының оңтүстік аймақтарын нысанаға алуда.

1516076
Коалиция күштері  хоуситтердің 2 ұшқышсыз әуе көлігін құлатты

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері хоуситтердің Йеменнен Сауд Арабиясына жіберілген жарылғыш тиелген 2 ұшқышсыз көлігінің құлатылғанын жариялады. 

Сауд Арабиясының ресми агенттігі " SPA"-ның хабарына қарағанда Коалиция күштері мәлімдемешісі Турки эл-Маликидің мәлімдемесінде хоуситтерге тиесілі жарылғыш тиелген 2 ұшқышсыз әуе көлігінің құлатылғанын білдірді. 

Хоуситтер кеше Сауд Арабиясының оңтүстігінде орын алған Хамис Мушайт қаласындағы Король Халид әуе базасына 2 шабуыл және мемлекеттің оңтүстігіне 1 шабуыл ұйымдастырғандарын жариялаған еді. 

Иран қолдауындаңы хоуситтер алдыңғы күні де Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джазан және Эбна қалаларындағы әуежайлары мен Хамис Мушайт аймағындағы базаға ұшқышсыз әуә көліктерімен 3 шабуыл жасағандарын мәлімдеген болатын. 

Коалиция күштері болса сенбі күнінен осы таңға дейін 6 ұшқышсыз әуе көлігін құлатқандарын білдірген еді. 

Йемендегі Иран қолдауындағы хоуситтер үнемі Сауд Арабиясының оңтүстік аймақтарын нысанаға алуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар