Ши Жинпин АҚШ-қа шақыру тастады

Ши Жинпин АҚШ-қа "Тек тарапты болмау" шақыруын тастады.

1514942
Ши Жинпин АҚШ-қа шақыру тастады

Қытай президенті Ши Жинпин елінің Корея соғысына кіруінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу жиналысында соңғы кезде саяси және дипломатиялық кірбеңдікте болған АҚШ-қа "Тек тарапты болмау" шақыруын тастады. 

Ши Жинпин сөзінде бүгінгі әлемде тек тарапты, қорғаушы және өзімшіл мүддені негіз еткен саясаттың мүмкін емес екенін білдіріп:

"Тәкаппарлық, тек өз қалауын ғана жасау, гегемония құру, үстемдік пен озбырлық жасаумен ешнәрсе өнбейді" деді. 

Ши Жинпин АҚШ пен Қытай қарым-қатынастары сыртқы сауда саласындағы кірбеңдіктермен қоса, адам құқығы, тыңшылық жазғырулары, Пекин әкімшілігінің Гонгонг, Тайвань және Оңтүстік Қытай теңізіндегі тұғырына бағытталған айыптаулары себепті нашарлаған кезде сөз сөйлеуі назар аударды.

Қытай 1950-1953 жылдары арасында Корея соғысында Оңтүстік Кореяға қолдау берген АҚШ басшылығындағы күштердің килігуінен кейін Солтүстік Кореяға қолдау берген болатын. 

Қытай Солтүстік Корея режимінің дипломатиялық қолдаушысы және сауда ортағы болып келеді.    



Ұқсас жаңалықтар