Түркия Берлиндегі мешіт басқынын айыптады

Түркия Германиядағы Мәулана мешітіне жасалған полиция басқынын қатаң түрде айыптады.

1514285
Түркия Берлиндегі мешіт басқынын айыптады
Berlin Cami.2.jpg

Түркия Германияның бас қаласы Берлиндегі Мәулана мешітіне жасалған полиция басқынын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Берлиндегі Мәулана мешітінде азанғы намаз кезіндежиналған кезде қаржы тақырыбында жүргізілген бір тергеу аясында полиция басқыны еске салынды.

Мешіттің қаладағы ең көне орталық ғибадатханаларының бірі екеніне назар аударған мәлімдемеде «Мәулана мешітіне полицияның басып кіруін қатаң түрде айыптаймыз. Бұл жағымсыз басқында ғибадатханалардың қасиеттілігіне көрсетуге тиісті сезімталдық «жоқ» деп саналды» делінді.

Мәлімдемеде «Полицияның басқын салдарынан мешіттің ішінде етігімен жүруі және ғибадатхананы ластауын ешбір себеппен кешіру мүмкін емес. Бұл жағымсыз әрекеттің сөз және наным еркіндігі тақырыбында сабақ беруге тырысқан бір елдің бас қаласында жасауы ерекше ойландырады» делінді.

Басқының мұсылман қоғамына қарсы жасалған және түсіндіру мүмкін емес бір әрекет екеніне назар аударған мәлімдемеде «Германияда сандары 5 миллионға жақындаған мұсылман қоғамы душар болған бір жақты бөлшектеуші және шектен асқан әрекеттердің жаңа бір көрсеткіші» делінді.



Ұқсас жаңалықтар