Еуроодақ вакцина сатып алу келісімін жасасты

ЕО Комиссиясы келісім арқылы Еуроодақ елдері атынан 400 миллион доза вакцина сатып алады.

1513524
Еуроодақ вакцина сатып алу келісімін жасасты

Еуропа Одағы дәрі өндіруші "Johnson and Johnson" фирмасымен вакцина сатып алу келісіміне қол қойды.

Еуропа Одағы комиссиясынан жасалған мәлімдемеде Комиссия келісім арқылы Еуроодақ елдері атынан 400 миллион доза вакцина сатып алады.

"Johnson and Johnson" фирмасының вакцина жұмыстарында "Faz-3" сатысына келгені білдірілді.

Еуропа Одағы осының алдында "AstraZeneca" және "Sanofi-GSK" дәрі фирмаларымен келісім жасасқан.

Бұдан тыс "CureVac", "BioNTech-Pfizer" және "Moderna" фирмаларымен де вакцина сатып алу кездесулерінің табыспен өтіп жатқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар