Түркия-Украина байланысы керемет

Владимир Зеленский Украина мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың теңдесі жоқ өреге көтерілгенін айтты.

1512794
Түркия-Украина байланысы керемет

Украина президенті Владимир Зеленский елімен Түркия арасындағы қарым-қатынастың теңдесі жоқ өреге көтерілгенін айтты. 

Владимир Зеленский Украина Праламентіндегі сөзінде Түркия-Украина арасындағы қарым-қатынас жайлы мәлімдеме жасады.

Армияны күшейтуге мән бергендерін айтқан Зеленский:

"Түркиямен корветтер, моторлар, қарулы адамсыз әуе көліктері және әуе қорғаныс жүйесін өндіреміз" деді.

Халықаралық салада көптеген елмен байланыстарының дамығанын білдірген Зеленский:

"Түркия-Украина арасындағы қарым-қатынас теңдесі көрілмеген өреге көтерілді" деп көрсетті.

Украина Түркиядан өткен жылы  6 "Байрактар TB2" қарулы адамсыз әуе көлігін сатып алды.

Украина компаниясы Ukrspetseskport директоры Вадим Нрздрия "Байрактар TB2" қарулы адамсыз әуе көліктерін  Украинада ортақ өндіруді ойластырғандарын, Украина армиясының ортақ өндірілген 48 "Байрактар TB2" қарулы адамсыз әуе көлігін сатып алуды жоспарлағандарын білдірді.

Украина премьер-министрінің орынбасары және Стратегиялық өнеркәсібіне жауапты министр Олег Уруский төрағалығындағы бір делегация Түркия сапарлай келген болатын. Осы сапардан кейін Түркия қорғаныс өнеркәсібінде үлгі алатын көптеген істер болғанын айтты министр Уруский.   



Ұқсас жаңалықтар