Киркукте 45 мәйіті бар мазар табылды

ДАИШ тарапынан өлтірілгені алға тартылған 45 кісінің мәйіті көмілген топтық мазар табылды.

1512737
Киркукте 45 мәйіті бар мазар табылды

Ирактың Киркук қаласында террористік ұйым ДАИШ тарапынан өлтірілгені алға тартылған 45 кісінің мәйіті көмілген топтық мазар табылды. 

Қорғаныс министрлігіне қарасты Соғыс майданы желісінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Киркук қаласының Хавиже ауданының Рияд өңірінде террористік ұйым ДАИШ тарапынан өлтірілгені алға тартылған 45 кісінің мәйіті көмілген топтық мазар табылды" деп хабарланды.

Топтық мазар аймақта қауіпсіздік бақылауындағы полиция тарапынан байқалған.

Рияд аймағы Давуд Бакара ауылы маңында табылған топтық мазардағы мәйіттер шығарыла бастағаны білдірілді.

Ирак күштері террор ұйымы ДАИШ-тың қолынан Хавиже және оған қарасты 4 қалашықты 2017 жылы 5 қазанда құтқарған.   



Ұқсас жаңалықтар