Әзербайжан мен Арменияға Вашингтоннан шақыру

Politico газеті тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1512062
Әзербайжан мен Арменияға Вашингтоннан шақыру

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерін Вашингтонға шақырғаны алға тартылды.

Politico газетінің хабарына қарағанда Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Зохраб Мнатсаканян Помпеоның шақыруын қабылдады.

Осыған қарағанда Помпеоның алдымен Байрамовпен бас қосатыны, артынан Мнатсаканянмен кездесетіні алға тартылды.

Хабарда АҚШ-тың сол күні үшінші бір ортақ кездесу ұйымдастыруға талпынғаны, бірақ мұның қазірше нақты емес екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар