Меркель ДАИШ-тың жалғасты қауіп төндіргенін айтты

Ангела Меркель "ДАИШ аймақта және аймақ тысында жалғасты қауіп төндіруде" деді.

1512553
Меркель  ДАИШ-тың жалғасты қауіп төндіргенін айтты

Германия премьер-министрі Ангела Меркель террор ұйымы ДАИШ-тың жалғасты қауіп төндіріп отырғанын баяндады.

Меркель астана Берлинде Ирак премьер-министрі Мұстафа аль-Казымимен кездесу қарсаңында ортақ баспасөз жиналысын өткізді. 

Германияның Ирактың қасында екенін түсіндірген Меркель мемлекетте тұрақтылық орнату, экономика және қауіпсіздік тақырыптарында Иракқа берілген қолдаудың жалғасатынын білдірді. 

ДАИШ-пен күрестің әлі аяқталмағанын баяндаған Меркель "ДАИШ аймақта және аймақ тысында жалғасты қауіп төндіруде" деді.

Меркель Германияның НАТО-да террор ұйымы ДАИШ-қа қарсы құрылған коалиция аясында Ирактың тұрақтылығына қолдауды жалғастыратынын атап өтті. 

Меркель Ирак үкіметінің реформа жасау талабына риза болғанын білдірді.  

Меркель Кызымимен кездесуінде экономикалық, аймақтық және қауіпсіздік тақырыптарын қолға алатындарын мәлімдеді. 



Ұқсас жаңалықтар