Коронавируста соңғы жағдай

Вирус салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 1 миллион 101 мыңнан асты.

1509920
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен өлім-жітім әлем көлемінде 1 миллион 111 мыңнан асты. Науқас санының өсуі екінші толқынның әсіресе Еуропада қарқынды түрде таралғанын көрсетеді. Оқиға саны 39 миллион 186 мың 835-ке жетсе, сауығып кеткендер саны 29 миллион 386 мың 115 болды.

22 мың 717 адам қайтыс болған және 8 миллион 216 мың 315 адам вирус жұқтырған АҚШ-тың 41 штатында артып отырған оқиға саны 3-ші рет рекорд жаңартты.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 88 адамды қосқанда, қайтыс болған адам саны 33 мың 125-ке көбейді. Ел көлемінде кәсіподақтар ұйымдастырған протест шерулерінің өздерін әбден шаршатқанын жариялаған денсаулық сақтау саласы қызметкерлері президент Эммануэль Макроннан одан көп дәрігер мен денсаулық қызметкерінің жұмысқа қабылдануын талап етті.

Германияда соңғы 24 сағатта ковид-19 салдарынан көз жұмған 24 адамды қосқанда, өлім-жітім 9 мың 810 адамға өсті. Елде кеше расталған оқиға санының арту көрсеткіштері қазірге дейінгі ең жоғарғы деңгейге жетті.

Ковид-19 эпидемиясынан өлім-жітім күн сайын артып отырған Оңтүстік Америка елдерінен Чилиде 13 мың 434, Боливияда 8 мың 377, Орталық Америка мемлекеті Гватемалада болса 3 мың 453 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар