БҰҰ-нан Израильге шақыру

БҰҰ Израильді "Палестинада заңсыз 5 мың жаңа заңсыз тұрғын үй салу жобасын тоқтатуға" шақырды.

1510361
БҰҰ-нан Израильге шақыру

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Израильді «Палестинада заңсыз 5 мың жаңа заңсыз тұрғын үй салу жобасын тоқтатуға» шақырды.

БҰҰ Таяу Шығыс Бейбітшілік кезеңі арнайы координаторы Николай Младенов мәлімдемесінде израильдік лауазымдылардың 14-15 қазан күндері Батыс Шерияда шамамен 5 мың тұрғын үй құрылысына рұқсат бергенін, алайда аталмыш тұрғын аймақтардың халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

Тұрғын аймақтардың сондай-ақ бейбітшілікке кедергі жасайтынын, мұндай қадамдардың екі мемлекетті шешім талпыныстарына «балта шабу» деген мағынаға келгенін білдірген Младенов израильдік лауазымдыларды барлық тұрғын үй жобаларын тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар