Әлемде коронавирус

Көптеген елде рекорд деңгейде жаңа диагноздар қойылды.

1509383
Әлемде коронавирус

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша бір миллион 95 мыңнан асты.  Вирус жұқтырғандар саны әсіресе Еуропада артты.  Бұл екінші толқынның таралғанын көрсетеді.  Вирус жұқтырғандардың саны 38 миллион 660 мыңнан асып,  сауығып кеткендер саны болса 29 миллион 33 мың болды.

221 мың 843 адам қайтыс болып, 8 миллион 150 мың 43 адам вирус жұқтырған Америка Құрама Штаттарында президент Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамп ұлдары Бэррон Трамптың да вирус жұқтырғанын, алайда жазылып кеткенін хабарлады.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір күнде 137 адам қайтыс болып,  өлім-жітім 43 мың 155-ке жетті. Вирус жұққан адам саны болса бір күнде рекорд жасап,  19 мың 724 болды.  Науқастанған адам саны жалпы 665 мың 644-ке жетті.
Италияда соңғы 24  сағатта коронавирус себебімен 43 адам қайтыс болды. Жалпы өлім –жітім 36 мың 289-ға жетті.  Эпидемияның басынан бергі рекорд деңгейде тіркелген 7 мың 332 жаңа диагнозбен коронавирус жұққан адам саны 372 мың 799 болды.
Испанияда ковид19-дан соңғы бір күнде 209 адам қайтыс болды. Осылайша өлім-жітім 33 мың 413 болды.  Бір күнде 11 мың 970 жаңа оқиға тіркелген елде вирус жұқтырғандардың саны 908 мың 56-ға жетті.  Испания Еуропада ең көп вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген ел болды.
Францияда эпидемиядан соңғы 24 сағатта 104 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 33 мың 37-ге жетті.  Вирус жұқтырған адам саны 22 мың 591 артып,  779 мың 63-ке жетті. Президент Макрон 17 қазан күнінен бастап Париж және басқа да көптеген қалада төрт апталық коменданттық сағат жүргізілетінін білдірді. Үкіметтің бір шешімімен елде медицина саласына қайтадан төтенше жағдай енгізіледі.
9 мың 771 адам қайтыс болған Германияда канцлер Ангела Меркель вирус жұқтырған адам санының артуына уайымдайтынын білдірді.

Рекорд деңгейде вирус жұқтыру оқиғасы да Малтада тіркелді.  Ол елде қазірге дейін 44 адам қайтыс болан еді.  Елде соңғы бір күнде 111 адамға диагноз қойылды.  Вирус жұқтырғандар саны 4 мың 48 болды.

904 адам қайтыс болған Австралияда премьер-министр Моррисон Жаңа Зеландиядан кейін Жапония, Сингапур  және Оңтүстік Кореяның лидерлерімен авиақатынастың қайта ашылуы үшін сөйлескенін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар