Ауғанстанда 2 әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 9 адам ажал құшты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гелмант уәлаятында  2 әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 9 адам ажал құшты.

1508796
Ауғанстанда 2 әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 9 адам ажал құшты

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гелмант уәлаятында  2 әскери тікұшақтың құлауы салдарынан 9 адам ажал құшты.

Қорғаныс министрлігі Ауғанстан әуе күштеріне тиесілі "Mİ-17" типті  2 әскери тікұшағының Гелманттың Наве ауданында аспанға көтерілгеннен кейін көп уақыт өтпей құлағанын білдірді. 

Тікұшақтардың техникалық ақаулық себепті құлағаны баяндалған мәлімдемеде апатта  9 адамның қаза тапқаны түсіндірілді. 

Куәгерлер болса, екі тікұшақтың аспанға көтерілгеннен кейін соғылысқанын және апатта 10-нан астам әскердің мерт болғанын алға тартты. 

 



Ұқсас жаңалықтар