Әлемде коронавирус

Мексикада 83 мың 945 адам вирус себебімен қайтыс болды.

1507848
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 1 миллион 85 мыңнан асты.  Вирус жұқтырған адам саны 38 миллион 49 мың болды.  Сауығып кеткендер болса 28 миллион 608 мың.

Америка Құрама Штаттарында коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 220 мың 11-ге жетті.  Елде 8 миллион 37 мың адамға вирус жұққан.  Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың дәрігері президенттің соңғы тесттерінің нәтижесінің негатив шыққанын хабарлады.

Ковид салдарынан 150 мың 709 адам қайтыс болған Бразилияда 5 миллион 103 мың адам вирус жұқтырған.

Мексикада 83 мың 945 адам вирус себебімен қайтыс болды. Елде 821 мың 45 адамға вирус жұққан.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір күнде елу кісі қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың саны 42 мың 875-ке жетті.  Тағы да 13 мың 972 адам вирус жұқтырып, ауырғандар саны 617 мың 688-ге жетті. Премьер-министр Борис Джонсон вирус жұқтырған адам санының қауіпті деңгейге жеткенін білдіріп,  орта, жоғары және өте жоғары деп аталатын үш ескерту деңгейін қалыптастырғандарын білдірді.

Францияда коронавирустан 95 кісі қайтыс болып,  барлық өлім-жітім 32 мың 825-ке жетті.  Елде вирус жұқтырған адам саны соңғы 24 сағатта 8 мың 505 артып,  743 мың 479-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар