Еуроодақ Таулы Қарабахта тыныштықты қалайды

Еуропа Одағы Таулы Қарабах дағдарысында аймақтық актерлердің қақтығысты тоқтату және бейбітшілікті қамдауға есе қосуы керектігі тақырыбында келісті.

1507711
Еуроодақ Таулы Қарабахта тыныштықты қалайды

Еуропа Одағына мүше елдер Таулы Қарабах дағдарысында аймақтық актерлердің қақтығысты тоқтату және бейбітшілікті қамдауға есе қосуы керектігі тақырыбында келісімге келді.

Еуропа Одағына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Люксембургте өткізген Сыртқы байланыстар Кеңесінің жиналысынан кейін журналистерге мәлімдеме жасаған Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррель Таулы Қарабах дағдарысын талқылағандарын хабарлады.

Таулы Қарабах дағдарысында Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобы тең төрағаларынан Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианның соңғы жағдайға байланысты мәлімет бергенін жеткізген Боррель қақтығыстарды тоқтату, келіссөзге оралу және 10 қазанда жарияланған атысты тоқтату келісіміне қалай есе қосу тақырыптарын талқылағандарын білдірді.

Боррель Еуропа Одағына мүше елдердің Таулы Қарабах дағдарысында аймақтық актерлердің қақтығысты тоқтату және бейбітшілікті қамдауға есе қосуы керектігі тақырыбында келісімге келгенін жеткізді.

Ресей мен Францияның Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобы тең төрағалары ретінде Таулы Қарабах тақырыбындағы талпыныстарын жалғастыруын сұрағандарын айтқан Боррель Еуроодақтың орыс оппозиционер Алексей Навальнийдың улануына орай Мәскеу әкімшілігіне жасалатын санкциялардың  бұл жағдайға әсер жасамауы керектігін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар