Тунисте қайық апатынан 11 мигрант суға кетті

Тунистің оңтүстігіндегі Сфакс қаласы су айдынында заңсыз мигранттарды тасымалдаған бір қайықтың батуы кесірінен 11 адам көз жұмды.

1507361
Тунисте қайық апатынан 11 мигрант суға кетті

Тунис жағалауында мигранттар отырған қайық апатқа ұшырап 11 адам суға кетті.

Тунистің оңтүстігіндегі Сфакс қаласы су айдынында заңсыз мигранттарды тасымалдаған бір қайықтың батуы кесірінен 11 адам көз жұмды. 

Сфакс қаласындағы бір қауіпсіздік басқармасы лауазым иесінің айтуына қарағанда тунисттік  27 заңсыз мигрантты тасымалдаған бір қайық алдыңғы күні түнде Сфакс қаласы су айдынында батты. 

Лауазым иесі Азаматтық қорғаныс топтардың 11 мәйітті тапқанын және 7 адамды құтқарғанын білдіріп, іздеу жұмыстарының жалғасқанын түсіндірді. 

Лауазым иесі қаза тапқандардың 8-нің әйел, 3-нің бала екенін білдіріп, мигранттардың барлығының Африка азаматы екенін атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар