Столтенберг дүйсенбіде Түркияға келеді

Столтенберг сейсенбі күні Грекия премьер-министрі Кирякос Мичотакис, Никос Дендиас және Никос Панагиотопулоспен кездесу өткізеді.

1501932
Столтенберг дүйсенбіде Түркияға келеді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг дүйсенбі күні Түркияға сапарлай келеді.

НАТО-дан жасалған мәлімдемеде Столтенбергтің келер апта Түркия мен Грекияға сапарлай келетіні білдірілді.

Столтенберг дүйсенбі күні астана Анкарадағы кездесулері аясында Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және басқа жоғары дәрежелі басшылармен кездесулер өткізеді.

Артынан Афиныға баратын Столтенберг сейсенбі күні Грекия премьер-министрі Кирякос Мичотакис, Сыртқы істер министрі Никос Дендиас және Қорғаныс министрі Никос Панагиотопулоспен кездесу өткізеді.

НАТО Түркия мен Грекия арасында жақыннан бері жалғасып жатқан кездесулердің артынан  Шығыс Жерорта теңізі тақырыбында әскери талдау әдістеріне байланысты механизмнің  құрылғанын жариялаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар