Иіс сезімінен айрылып қалу - ең айқын симптом

Жаңа зерттеу қорытындысы осыны көрсетті.

1501833
Иіс сезімінен айрылып қалу - ең айқын симптом

Иіс сезімінен айрылып қалу – коронавирустың жаңа түрінің температура және жөтелмен салыстырғанда айқынырақ белгісі.

Ұлыбританияда College London Университеті дәм және иіс сезімдерінен айрылып қалған 590 адам қатысқан бір зерттеу жүргізді. Зерттеуде қатысушылардың 80 пайызында ковид-19 антиденесі анықталды.  Осы кісілердің жартысында температура және жөтел секілді шағымдары болмаған.

 Мамандар иіс  сезімінен айрылып қалғандарда тек дәм сезімінен айрылып қалғандармен салыстырғанда антидене қалыптасу ықтимады үш есе артық шыққанын білдірді. Яғни зерттеудің қорытындылары иіс алу қабілетінін айрылып қалудың коронавирустың «өте айқын бір симптомы» екенін ашық көрсетті. Ғалымдар тест және емдеу кезінде осы симптомға баса назар аудару керектігін айтты.

Ұлыбритания иіс және дәм алу сезімінің жойылуын коронавирустың симптомдары арасына мамыр айында қосқан болатын. Бірақ та әлі көптеген ел бұл белгілерді коронавирустың жаңа түрінің белгісі деп тіркеген емес.



Ұқсас жаңалықтар