Ресей Мәскеуде келіссөз жүргізуді ұсынды

Ресей Әзербайжан мен Арменияға Мәскеуде бас қосуды ұсынды.

1500818
Ресей Мәскеуде келіссөз жүргізуді ұсынды

Ресей Әзербайжан мен Арменияға Мәскеуде бас қосуды ұсынды.

Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Зохраб Мнатсаканианмен телефонда сөйлескенін білдірді.

Таулы Қарабах мәселесі қолға алынған телефон әңгімесінде орыс жағы Әзербайжан мен Армения арасында жалғасып жатқан қақтығыстарға байланысты уайымын тілге тиек етті. Әңгімеде тараптардың келіссөз процесін қайта бастауы керектігін атап көрсетілді.

Ресейдің Таулы Қарабах проблемасын шешу тақырыбындағы араағайындық бастамасын жалғастыратынына назар аударылып,  Әзербайжан, Армения және Ресей Сыртқы істер министрлерінің кездесуін де қосқанда қажетті байланысты құру үшін Мәскеу ұсынылды.

 



Ұқсас жаңалықтар