Гебрейесус: Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асады

ДДҰ Бас директоры Гебрейесус Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асқанын мәлімдеді.

1500967
Гебрейесус: Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Бас директоры Гебрейесус Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған адам саны 1 миллионнан асқанын мәлімдеді.

Гебрейесус АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 75-ші Ассамблеясы аясында ковид-19 эпидемиясына қарсы күреске қатысты ұйымдастырылған іс-шараға бейнеконференция арқылы қатысты.

Эпидемияның әлем көлеміндегі соңғы жағдайына назар аударған Гебрейесус «Кеше ковид-19 эпидемиясына қарсы ортақ күресімізде сәтсіз бір бұрылыс болды. 1 миллион адамның бұл жаңа вирус салдарынан қаза тапқаны расталды. Нағыз көрсеткіштер бұдан да жоғары. Одан көп адам болса әлемнің түкпір-түкпіріндегі ауруханаларда күресуде» деді.

Адамдар, қоғамдар және экономикалардың қорқу мен белгісіздіктің алдында тұрғанын баса айтқан Гебрейесус «Ғылым бізге жаңа сынақтар, терапевтік және вакцина түріндегі шешімдерді ұсынады. Дегенмен ынтымақтастық болмаса, ғылым мен шешімдер нәтижесіз қалады» деді.

ДДҰ бақылауында жүргізілген Ковид-19 Вакциналары жаһандық қол жеткізілімдік бағдарламасы (COVAX) туралы ақпарат бөліскен Гебреисус әлем адам санының 70 пайызына дөп келетін 167 елдің қазірге дейін COVAX бағдарламасына қосылғанын білдірді.

Ковид-19 вакцинасының барлық елдерде теңгерімді және әділ түрде таратылуын мақсат еткен COVAX-қа Қытай, Ресей және АҚШ әлі қосылған емес.

ДДҰ COVAX арқылы 2021 жылы соңына дейін 2 миллиард дозасына қол жеткізуді нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар