Африндегі бір көлікте жарылыс болды

Жарылыста 2 адам қаза тапты, 2 адам жарақат алды.

1501049
Африндегі бір көлікте жарылыс болды

Сирияның Африн аймағында бір көлікте жарылыс болып, 2 бейбіт адам қаза тапты.

Хатай губернаторлығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркия уақытымен сағат 10.15-те Раджу автожолындағы Селахаддин Эйюби торабында бір көлікте жарылыс болғаны атап көрсетілген.

Жарылыста екі бейбіт адамның да жеңіл жарақат алғаны білдірілген мәлімдемеде «Оқиға орнындағы кейбір көліктерде жарылыстың салдарынан зиян келгені байқалып, губернаторлығымызға қарасты тиісті қауіпсіздік бөлімшелеріміздің оқиғамен байланысты бастаған тергеу жұмыстары жалғасуда» делінді.

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның басқыншылығындағы Африн ауданы Түрік Қарулы күштерінің (ТҚК) «Зәйтүн бұтағы» операциясымен 2018 жылы 24 наурыз күні бақылауға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар