Шығыс елдерінде коронавирустан өлім-жітім артуда

Әлем көлемінде эпидемия салдарынан өлім-жітім 1 миллион 6 мың 460-тан асты.

1499188
Шығыс елдерінде коронавирустан өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам  саны әлем көлемінде 1 миллион 6 мың 460-тан, расталған оқиға саны 33 миллион 556 мың 260-тан асты. Сауығып кеткендер саны 21 миллион 448 мың 235-ке жетті.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған 809 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 96 мың 351-ге жетті. Елдегі расталған оқиға санына соңғы 24 сағатта 71 мың 943 адам қосылып, жалпы 6 миллион 145 мың 291-ден асты.

Қазірге дейін ковид-19 салдарынан 700 адам көз жұмған Кенияда 38 мың 168 адам вирус жұқтырды. Кения президенті Ухуру Кениата артып отырған ковид-19 оқиғаларына қарсы қабылданған шаралар аясында коменданттық сағаттың 60 күнге тағы ұзартылғанын жариялады. Ел көлемінде ертеңнен бастап, жергілікті уақытпен сағат 21.00-04.00 арасында жартылай коменданттық сағаттың іске қосылатынын атап көрсеткен Кенятта ковид-19 себепті алкогольді ішімдіктерге қойылған тыйымның жойылатынын және асханалардың 22:00-де жабылатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар