Меркель вирустың бағытына алаңдап отыр

Ол Германияда вирус жұғу оқиғаларын бақылауға алу үшін қолдан келгенді жасау керектігін атап көрсетті.

1498738
Меркель вирустың бағытына алаңдап отыр

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирустың жұғу оқиғалары артуына байланысты алаңдайтынын білдірді.

Билд газетінің хабарына қарағанда, Меркель Христиан демократ одағы басшыларымен видео конференция өткізді.  Ол шара қолданылмаса,  жаңа жылға қарай басқа елдер секілді күніне 19 мыңнан асатын науқас санымен кездесетіндерін айтты.

Инфекция процесін жылдам бақылауға алып, эпидемиямен күресулері керектігін айтқан Меркель экономиканы жандандыру,  мектеп пен балалар бақшасының ашық болуына көңіл бөлгендердің,  футболдың кейінгі тақырып екенін білдірді.

Меркель Еуропадағы вирус жұқтыру санына және төңіректегі елдердегі жылдам артуға алаңдайтынын айтты. Ол Германияда вирус жұғу оқиғаларын бақылауға алу үшін қолдан келгенді жасау керектігін атап көрсетті.

Видео конференцияда сөз сөйлеген басшылар да вирустың таралуының алдын алу үшін кейбір  арнайы қағидалар қою керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар