АҚШ президенті Әзербайжан-Армения желісіндегі қақтығысты бағалады

АҚШ президенті Трамп тақырыппен байланысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарды.

1498584
АҚШ президенті Әзербайжан-Армения желісіндегі қақтығысты бағалады

АҚШ президенті Дональд Трамп Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабахта басталған қақтығыстарға қатысты «Сол аймақта өте жақсы қарым-қатынастарымыз бар және қақтығысты тоқтата аламыз ба, көреміз» деді.

Трамп Ақ Үйде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Әзербайжан мен Армения арасында артып отырған дағдарыс жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында жаңалықтардан хабардар екенін білдірді.

Жағдайды жіті қадағалағандарын атап көрсеткен Трамп «Сол аймақпен өте жақсы қарым-қатынастарымыз бар және қақтығыстарды тоқтата аламыз ба, көреміз» деді.

Кеше азанғы уақытта Әзербайжан-Армения майдан желісінде армян күштерінің Әзербайжан бейбіт аймақтарына оқ атылған соң қақтығыстар басталған болатын.

Әзербайжан армиясы қарсы шабуыл бастап, кейбір тұрғын аймақтары басқыншылықтан құтқарылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар