Армения "Соғыс жағдайы" және "Жалпы мобилизация" жариялады

Никол Пашинян Әзербайжанның Таулы Қарабах тарапынан соғыс бастағанын пайымдады.

1498116
Армения "Соғыс жағдайы" және "Жалпы мобилизация" жариялады

Армения үкіметі Таулы Қарабахтағы оқиғаларға орай елде "Соғыс жағдайы" және "Жалпы мобилизация" жариялады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіден Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады.

Әзербайжанның Таулы Қарабах тарапынан соғыс бастағанын пайымдаған Пашинян:

"Жағдай жылдам дамуда. Қажет болғанда мәлімет беріледі" деді.

Пашинян Армения үкіметінің Таулы Қарабахтағы оқиғаларға орай елде "Соғыс жағдайы" және "Жалпы мобилизация" жариялағанын хабарлады.

Пашинян жағдайға байланысты Қауіпсіздік Кеңесін жинағанын білдірді.

Сонымен бірге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканянмен телефонда сөйлесті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Таулы Қарабах аймағындағы жағдай талқыланғаны білдіріліп:

"Лавров шекара желісінде жалғасып  жатқан көлемді қақтығыстарға және өлген, жараланған адамдарға байланысты алаңдап отырғанын тілге тиек етті. Атысты тоқтату бітімін қамдау керектігін атап айтты" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде Ресейдің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Минск тобының басқа мүшелерімен бірге жағдайды тыныштандыру үшін бітімгерлік талпынысын жалғастыратыны жеткізілді.     



Ұқсас жаңалықтар