Сергей Лавров пен Джевад Зариф Мәскеуде бас қосты

Сергей Лавров "Астана форматының" Сирия Атазаң комитетін құруда маңызды рол ойнағанын білдірді.

1496893
Сергей Лавров пен Джевад Зариф Мәскеуде бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Астана форматының" Сирия Атазаң комитетін құруда маңызды рол ойнағанын білдірді.

Сергей Лавров Ресей, Иран және Түркияның Сирия Атазаң комитетінің жұмыстануы тақырыбында ынтымақтастықты жалғастырғанын айтты.

Лавров Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен астана Мәскеуде бас қосты.

Кездесуден кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз алған Лавров Сирия режимі мен оппозиция арасында жоспарланған кездесу тақырыбында  "Астана форматының" сириялықтар арасындағы алауыздықты жөнге салу үшін құрылғанын ескертті.

Лавров "Астана форматының" Сирия Атазаң комитетін құруда маңызды рол ойнағанын білдіріп:

"Ресей, Иран және Түркия Сирия Атазаң комитетінің жұмыстануы тақырыбында ынтымақтастықты жалғастыруда. Бұл табиғи барыс. Жұмыс процесінде жөнге салуға тиісті мәселелер шығып отырады" деді. 

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф "Астана форматының" Сирия Атазаң комитетін құруға жәрдемші болғанын ескертті. 

Сирияда қақтығыссыз аймақ қалыптастыруды дәріптеген "Астана форматы" 2017 жылы мамырда Түркия, Ресей және Иран қол қойған келісіммен атқарылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар