Шығыс елдерінде коронавирус

Расталған оқиға саны 32 миллион 455 мың 470-тен асты

1497006
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 988 мың 505-тен, расталған оқиға саны 32 миллион 455 мың 470-тен асты. Сауығып кеткендер саны 23 миллион 954 мың 980 болды.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған мың 141 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 92 мың 347-ге жетті. Елдегі расталған оқиға саны 5 миллион 823 мың 60-тан асты.

Иранда ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 270 адамды қосқанда, өлім-жітім 25 мың 222-ге жетті. Вирус жұқтырғандар саны болса 439 мың 882 болды.

Ресейде жаңа типтегі коронавирустан қайтыс болған адам саны 20 мың 56-ға, инфекция жұқтырғандар саны болса 1 миллион 136 мыңға көбейді.  

Израильде ковид-19 салдарынан эпидемия басталғалы бері ең жоғарғы күндік өлім 59 болып тіркелді. Қайтыс болған адам саны мың 376-ға жеткен елде 6 мың 499 жаңа оқиға расталып, инфекция жұқтырғандар саны 209 мың 635-тен асты. Израиль әкімшілігі оқиғалардағы қатаң өсу себепті 18 қыркүйектен бастап, 3 апталығына карантин шешімі қабылдаған болатын.

Палестинада эпидемия салдарынан қайтыс болған адам саны 322-ге, оқиға саны 47 мың 830-ға жетті.

Африка құрлығында эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 175 адамды қосқанда, өлім-жітім 34 мың 758-ге жетті. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны 8 мың 186 артып, 1 миллион 444 мыңға өсті. Қазірге дейін ковид-19 салдарынан ең көп өлім-жітім 16283 адаммен Оңтүстік Африка Республикасында тіркелді. Мысырда 5 835, Мароккода 1 956 қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар