Расулайнда 2 бөлек террорлық шабуыл жасалды

Шабуылды тергеген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың YPG/PKK тарапынан жасалғанын болжауда.

1497067
Расулайнда 2 бөлек террорлық шабуыл жасалды

Сирияның солтүстігіндегі Расулайн ауданына жасалған екі бөлек террор шабуылында 2 бейбіт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.

Шанлыурфаның Джейланпынар ауданының арғы бетіндегі Сирия жеріндегі Расулайн ауданына қарасты Тель-Халаф ауылында бомбалы шабуыл жасалды.

Аталмыш шабуылда қаза тапқан немесе жарақат алғандар жайлы мағлұмат берілмеді.

Алғашқы жарылыстың дәл артынан бірдей ауылда осы жолы бомба тиелген бір көлік жарылды.

Оқиғада бірі бала, екі бейбіт адам қаза тапты. Шабуылда 11 адам жарақат алды.

Жаралылар арасында ауыр күйдегі 2 жаралы Түркияға әкелінді.

Шабуылды тергеген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың YPG/PKK тарапынан жасалғанын болжауда.

Расулайн аудан орталығы 2019 жылы 12 қазан күні Түрік Қарулы күштерінің «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен террордан тазаланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар