"Путиннің ұсынысын қарастырамыз"

Путин тегін вакцина егу ұсынысын жасаған еді.

1497009
"Путиннің ұсынысын қарастырамыз"

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик Ресей президенті Владимир Путиннің БҰҰ қызметкерлеріне тегін ковид вакцинасы егу ұсынысын қарастыратындарын айтты.

Дужарик күнделікті баспасөз брифингінде Путиннің вакцина ұсынысын қабылдап қабылдамайтындары туралы сұраққа жауап берді. «Жомарт ұсыныс үшін алғыс айтамыз» деген Дужарик «Ғылымның жол көрсетушілігімен қозғаламыз,  осы ұсынысты да медициналық бөлім қарастырады» деді.

Путин БҰҰ Бас Ассамблеясында «Вакцинамызды БҰҰ қызметкерлеріне тегін егуді ұсынамыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар