Нигериядағы апаттың артынан елде 2 күн аза тұту жарияланды

Локожа-Абужа автожолындағы жол апатында жанармай танкерінің жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 30-ға көбейді.

1497310
Нигериядағы апаттың артынан елде 2 күн аза тұту жарияланды

Нигерияның Коги уәлаятында жанармай танкерінің жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті. Елде 2 күн аза тұту жарияланды.

Коги уәлаяты Информация және коммуникация комиссары Кингслей Фанво уәлаятқа қарасты Фелеве аймағында Локожа-Абужа автожолында болған жарылыста қаза тапқан адам санының 30-ға жеткенін, 15 адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.

Фанво бұл қайғылы оқиға себепті 25-26 қыркүйек күні 2 күн аза тұту жарияланғанын білдірді.

Басқа жағынан Мемлекеттік аппарат кеңсесінен жасалған мәлімдемеде мемлекет басшысы Мұхаммад Бухаридің Фелеве аймағындағы бұл апат хабарын өкінішпен қарсы алғанын білдірді.

Мәлімдемеде Бухаридің оқиғада қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтып, жаралыларға жедел шипа тілегені де атап көрсетілді.

Фелеве аймағындағы Локожа-Абужа автожолында кеше бір жанармай танкері 5 көлікпен соқтығысқан соң атылған және алғашқы мағлұматтарға қарағанда, 23 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар