Коронавирус көрсеткіштері

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 40 адам қайтыс болды.

1497000
Коронавирус көрсеткіштері

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 985 мың 600 болды.  Расталған вирус жұқтыру оқиғасы 32 миллион 330 мыңнан, сауығып кеткендердің саны болса 23 миллион 831 мыңнан асты.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 40 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 41 мың 902-ге жетті. Вирус жұқтырғандардың саны 6 мың 634 артты.  Жалпы саны 416 мың 363-ке жетті.  Осы көрсеткіш елде эпидемия басталғаннан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болды. Үкіметтің ғылыми кеңесшісі Пэтрик Валанс 20 қыркүйек күні ковид оқиғаларының әрбір апта екі есе артқанына назар аударып,  осылай жалғасатын болса қазан айының ортасында бір күнде 50 мың вирус жұқтыру оқиғасы тіркелетінін айтқан болатын.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы бір тәулікте 52 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 31 мың 511-ге жетті. Вирус жұқтырған адам саны эпидемия басталғаннан бастап ең жоғары көрсеткіш болып саналатын 16 мың 96 артып, 497 мың 237-ге жетті. Елде реанимациялардағы науқас саны артып,  эпидемияның бағыты нашарлай бастады.  Париж Ауруханалар тобының мәлімдемесінде бас қалада операциялардың 20 пайызының кейінге қалдырылатыны білдірілді.

Испанияда ковид-19-дан соңғы бір аптада 500 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 31 мың 118-ге жетті. Денсаулықты сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта 10 мың 653 жаңа оқиға тіркелгенін, вирус жұқтырғандардың санының 704 мың 209-ға жеткенін білдірді.  Мадрид автономды үкіметі бүшін қосымша шаралар жариялайтынын хабарлады.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі коронавируске байланысты соңғы 24 сағатта үш адамның қайтыс болғанын, 691 жаңа оқиға тіркелгенін хабарлады.  Елде өлім-жітім 1931-ге,  вирус жұқтыған адам саны 71 мың 156-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар