Қытайдың вакцинасы жылдың басында дайын болуы мүмкін

SinoVac аға менеджері «CoronaVac» вакцинасын АҚШ, ЕО  және басқа елдерге таратуға ниетті екендерін білдірді.

1497178
Қытайдың вакцинасы жылдың басында дайын болуы мүмкін

Қытайлық SinoVac фармацевтикалық компаниясы коронавирустың жаңа түріне қарсы жасалған әлеуетті вакцина 2021 жылдың басында қолдануға дайын болуы мүмкін деп мәлімдеді.

SinoVac аға менеджері Инь Вейдонг клиникалық сынақтардан өтіп жатқан «CoronaVac» вакцинасын Америка Құрама Штаттарына, Еуропалық Одаққа  және басқа елдерге таратуға ниетті екендерін білдірді.

Қытай үкіметі вакцинаға үміткерді жедел қолдануға рұқсат беретініне назар аударды, оның тиімділігі 1 және 2-ші сатыдағы сынақтарда дәлелденді және ешқандай жағымсыз жанама әсерлері болмады.

Вакцинаның 3-кезең клиникалық сынақтары 21 шілдеде Бразилияда, 11 тамызда Индонезияда басталған болатын.

Екінші жағынан, ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа 17 қыркүйекте CoronaVac атты вакцина үміткері Хаджеттепе университетінде 3 ерікті денсаулық сақтау қызметкеріне сынала бастағанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар