"Қытай қақтығысуға ниетті емес"

БҰҰ-да сөйлеген Цзиньпин Трамптың айыптауына қарсы шықты.

1495852
"Қытай қақтығысуға ниетті емес"

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин елінің кез-келген елмен суық немесе ыстық қақтығысқа баруға ниеттері жоқ екенін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 75-ші Бас Ассамблеясына бейне үндеуімен қатысқан Си Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың өз елін коронавирус (Ковид-19) эпидемиясына жауапты деп айыптуына қарсы шықты,  вируспен күрес саясаттандырылмасын деп шақыру тастады.

Си Цзинпин: «Ковид-19 адамзат алдында тұрған соңғы дағдарыс болмайды, сондықтан біз қол ұстасып, бізді күтіп отырған басқа жаһандық сынақтармен күресуге дайын болуымыз керек», - деді.

Трамптың «біржақты» және «алдымен Америка» саясатына қарсы көпжақты халықаралық жүйені қолдайтынын білдірген Си «Біз кез-келген елмен суық соғысқа немесе ыстық қақтығыстарға баруға ниетті емеспіз. Біз келіспеушіліктерді шешу және басқалармен жанжалдарды шешу үшін диалог пен келіссөздер жүргізе береміз. Біз тек өзімізді жетілдіруге тырысып қана қоймаймыз, біреуі жеңіп, екіншісі жеңіліп қалатын ойын ойнамаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар