Ердоғанның Израильді сынауы Израиль елшісін залдан кетуге мәжбүр етті

Президент БҰҰ-ның 75-ші Бас Ассамблеясында Израильді сынға алды.

1495942
Ердоғанның Израильді сынауы Израиль елшісін залдан кетуге мәжбүр етті

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында Израильді сынауы Израиль елшісін залдан кетуге мәжбүр етті.

БҰҰ-ның 75-ші Бас Ассамблеясының жиналысына қатысқан Израильдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Гилад Эрдан президент Ердоған Палестинаға қатысты Израильдің «қысым, зорлық-зомбылық және қорқыту саясаты» туралы сөйлеген кезде залдан шығып кетті.

Ердоған баяндамасының аталмыш бөлімінде «Үш ұлы дінге қонақжайлық жасаған Иерусалимнің құпиялылығын бұзатындардың батылдығы артуда. Палестина халқы жарты ғасырдан астам уақыттан бері Израильдің қысымшылдығы, зорлық-зомбылығы және қорқыту саясатына қарсы шыдауда. «Ғасырдың келісімі» деп Палестинаға мойындатуға тырысылған берілу құжаты қабылданбағанда, бұл жолы Израиль серіктестерінің көмегімен қорғанды ішінен жаулап алу әрекетін жылдамдатты. Біз Түркия ретінде Палестина халқы қабылдамаған ешбір жоспарды қолдамаймыз. Аймақтағы кейбір елдердің бұл ойынға қосылуы Израильдің негізгі халықаралық параметрлерді бұзу талпынысына қызмет етуден басқа мағынаға келмейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарлары және халықаралық заңдарға қарама-қайшы Иерусалимде өз елшіліктерін ашуға ниет білдірген елдер бұл ұстанымдарымен қақтығысты одан әрі күрделендіруге қызмет етуде. Палестина мәселесі 1967 ж. шекаралары негізінде бас қаласы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егемен және географиялық жағынан толық бір Палестина мемлекетінің құрылуымен ғана шешіледі. Бұдан басқа шешім ізденістері босқа әурешілік, біржақты және әділетсіздік болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар