Батыс елдерінде коронавирус

Францияда эпидемия салдарынан соңғы бір тәулікте 78 адам қайтыс болды.

1495655
Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 973 мыңнан асты.  Расталған оқиға саны 31 миллион 711 мыңнан, сауығып кеткендердің саны болса 23 миллион 272 мыңнан асты.

Испанияда ковид-19-дан соңғы бір аптада 468 адам қайтыс болды. Өлім-жітім 30 мың 904-ке жетті.  Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір күнде 10 мың 799 жаңа оқиға тіркелгенін,  вирус жұқтырғандардың санының 682 мың 267-ге жеткенін хабарлады.

Италияда соңғы 24 сағатта коронавирустан тағы 14 кісі қайтыс болды.  Өлім-жітім 35 мың 738-ге жетті.  1392 жаңа оқиғамен ковид жұққан адам саны 300 мың 897 болды. Осы арада бір радио бағдарламасына қатысқан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары «Вирустың таралуы артады,  бұл шындық. Инфекциялар да арта түседі, бірақ бақылауда болады» деді.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы бір тәулікте 78 адам қайтыс болды. Осылайша қайтыс болғандар саны 31 мың 416-ға жетті.  Вирус жұққан адам саны болса бір күнде 10 мың 8 артып,  468 мың 69-ға жетті. Денсаулық сақтау министрінің бірнеше күн ішінде ковидпен күрес шеңберінде жаңа шараларды жариялауы күтілуде.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус себебімен соңғы бір тәулікте бес адамның қайтыс болғанын және 663 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады.  Елде өлім-жітім 1925-ке,  оқиға саны болса 69 мың 663-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар