"Барлық келіспеушіліктерімізді бір шетке ысырып тастауымыз керек"

Волкан Бозкыр БҰҰ-ның 75-ші Бас ассамблеясы жиналысының ашылуында сөз сөйледі.

1495489
"Барлық келіспеушіліктерімізді бір шетке ысырып тастауымыз керек"

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 75-ші Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) орай «Біз адамзатқа осыншама жақын қауіп бірінші рет төніп тұр. Бүгін біз келіспеушіліктерімізді бір шетке қоюымыз керек »- деді.

Волкан Бозкыр БҰҰ-ның 75-ші Бас ассамблеясы жиналысының ашылуында сөз сөйледі.

Өз сөзінде (Ковид-19-қа қарсы күресте)  денсаулық сақтау жүйесінің шегіне жеткенін және білім беру ісіндегі үзілістердің жалпы болашаққа қауіп төндіретінін атап өтті.

«Ең көп зардап шеккендер көп көмекке мұқтаж адамдар. Босқындар мен мигранттардың басындағы қиындықтар қазір одан сайын күшейе түсті», - деді ол.

Бозкыр әйелдер мен қыздардың гендерлік зорлық-зомбылық пен тұрмыстық қорлық қаупіне ұшырағанын атап өтіп: «Бала жұмысшы, баланы тұрмысқа беру және оны сату қаупі артты», - деді.

Волкан Бозкыр сонымен бірге ксенофобия, нәсілшілдік, этникалық және діни негізге негізделген кемсітушіліктің өсіп келе жатқанын атап өтті. Ол діни топтар мен ғибадаттарға қатысты шабуылдардың артқанын да білдірді.

Халықаралық жүйенің қай сәтте сәтсіздікке ұшырағанын немесе үнемі өзгеріп отыратын қиындықтарға бейімделе алмағанының шыншыл түрде қолға алынуы керек екенін айта отырып, «БҰҰ өзінің құрылтайшы мақсатына жетуі үшін және біз қалаған болашаққа жету үшін қажетті реформаларды жүзеге  асыруымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар