Талибан содырлары қырғын салуда

Талибан содырлары жасаған лаңкестіктерде 98 бейбіт тұрғын қаза тапты.

1495085
Талибан содырлары қырғын салуда

Соңғы екі аптада Ауғанстанда Талибан содырлары жасаған лаңкестіктерде 98 бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарланды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарық Арьен баспасөзге берген сұхбатында соңғы екі аптада елдің 24 провинциясында содырлар жасаған әртүрлі шабуылдарда 98 бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтты.

Шабуылдарда 230 бейбіт тұрғынның жараланғанын айтқан Арьен ең көп шығын Тахар мен Нангархар провинцияларында болғанын мәлімдеді.

Әзірге Талибаннан ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар