Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 969 мың 540-дан асты.

1494825
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 969 мың 540, расталған оқиға саны 31 миллион 497 мың 550 болды. Сауығып кеткендер саны 23 миллион 126 мың 940-тан асты.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 204 мың 506-ға өсті. Елде вирус жұқтырған адам саны 7 миллион 46 мың 216 болып тіркелді. 

Бразилияда вирустан қайтыс болғандар саны 137 мың 350,  оқиға саны 4 миллион 560 мың 83 болды.

Мексикада соңғы бір күнде ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған 204 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 73 мың 697-ге, вирус жұқтырғандар саны да 2 мың 917-ге көбейіп, 700 мың 580-ге жетті.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда қайтыс болған адам саны 41 мың 788 болды. Елдегі оқиға саны 398 мың 625-тен асты.

Испанияда соңғы 1 аптада ковид-19 салдарынан қайтыс болған 311 адамды қосқанда, өлім-жітім 30 мың 663-ке өсті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 3 күнде 31 мың 428 жаңа оқиға тіркелгенін, инфекцияны жұқтырғандар санының 671 мың 468-ге көбейгенін атап көрсетті. Ел көлемінде эпидемия кең тараған 77 муниципалитетте адамдардың еркін айналуын шектеу, мейрамханалар мен барлардың толулық мөлшерін 50 пайызға дейін төмендету, барлық саябақтар мен бақтарды кешкі сағат 22.00-де жабу (жергілікті уақыт) сияқты шаралар қабылданды.

Каталония автономиялық үкіметінің президенті Квим Торра да каталониялықтарға ковид-19 ауруы қатты тараған бас қала Мадридке бармауға кеңес берді.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта 8 адамның көз жұмғанын және 623 жаңа оқиға тіркелгенін жариялады. Елде өлім-жітім мың 920-ға, расталған оқиға саны 69 мың 200-ге жетті.

Вирус себепті адам өлімдері жалғасқан Австралия Виктория штатында көз жұмған 3 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 854-ке өсті. Ковид-19 инфекциясын жұқтырғандар саны да 26 мың 942 болды.



Ұқсас жаңалықтар