Иракқа медициналық материалдар жолданды

Гуманитарлық жәрдем қоры тарапынан жолданған денсаулық сақтау материалдарынан айына 10 мың кісі пайдаланады.

1494802
Иракқа медициналық материалдар жолданды

Гуманитарлық жәрдем қоры Ирактың жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресіне қолдау беру үшін Бағдат, Киркук, Мосул және Селахаттин қалаларындағы ауруханаларға медициналық материалдар жолдады.

Гуманитарлық жәрдем қорынан жасалған мәлімдемеде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің әсерінде қалған Иракқа 40 литрлік 60 тыныс алу аспабын, 90 оттегі жабдығын, 52 мың медициналық маска, 80 мың медициналық қолғап, дәрігер киімдері қатарлы медициналық материалдар жолданғаны білдірілді.

Гуманитарлық жәрдем қоры тарапынан ауруханалардың басшыларына тапсырып берілген денсаулық сақтау материалдарынан айына 10 мың кісі пайдаланады.

Ауруханаларға жеткізілген қорғаушы жабдықтар мен медициналық материалдар аймақ халқының денсаулық қызметін алуына мүмкіндік жаратады. 



Ұқсас жаңалықтар