Ауғанстандағы шабуылда 11 кісі қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанда әскери және полиция басқармаларына шабуыл жасады.

1494800
Ауғанстандағы шабуылда 11 кісі қаза тапты

Талибан сарбаздарының Ауғанстанның Каписа және Белх уәлаяттарындағы әскери және полиция басқармаларына ұйымдастырған шабуылдарында 11 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Каписа қоғам қауіпсіздік басқармасының мәлімдемешісі Абдул Шайык Шуриш баспасөзге жасаған мәлімдемесінде сарбаздардың Каписаның Тегаб ауданындағы полиция басқармасына жасаған шабуылында 6 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын айтты.

Мәлімдемеші шабуылдан кейін шыққан қақтығыстарда сарбаздардың да ауыр шығындалғанын білдірді.

Белх уәлаятының мәлімдемешісі Мунир Ахмад сарбаздардың Белх уәлаятының Белх ауданындағы әскери басқармаға қарулы шабуыл жасағанын, шаубылда 5 қауіпсіздік қызметкерінің  қаза тапқанын,  3 кісіні сарбаздар тұтқынға алғанын айтты.

Талибан шабуылға байланысты мәлімдеме жасамады.    



Ұқсас жаңалықтар