Коронавируста соңғы жағдай

Жазылып кеткендердің саны 22 миллион 587 мыңға жетті.

1493792
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 961 мың 461-ден асты. Расталған оқиға саны 31 миллион, жазылып кеткендердің саны 22 миллион 587 мыңға жетті.

Бразилияда вирустан қайтыс болғандар саны 136 мың 532,  оқиға саны 4 миллион 528 мың 240 болды. 

Мексикада соңғы бір күнде ковидтен көз жұмған 455 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 73 мың 258-ге, вирус жұқтырғандар саны да 5 мың 167-ге көбейіп, 694 мың 121-ге жетті. 

Эпидемияның Еуропадағы ошағы болып табылған Ұлыбританияда 41 мың 759 адам ковид-19 себепті қайтыс болды. Елде 390 мың 358 адам вирус жұқтырды. 

Канадада эпидемия салдарынан тағы 35 адам қайтыс болды. Осылайша жалпы өлім-дітім 9 мың 248, оқиға саны 142 мың 866 болды. 



Ұқсас жаңалықтар