Трамп почта арқылы дауыс беруді сынға алды

Трамп почта арқылы дауыс беру себепті 3 қараша сайлау нәтижесі нақты болмайтынын айтты.

1492669
Трамп почта арқылы дауыс беруді сынға алды

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл көлемді атқарылатын почта жолымен дауыс беру себепті 3 қарашада өтетін президенттік сайлау нәтижесінің ешқашан нақтылы болмайтынын пайымдады. 

АҚШ-та 3 қарашада өткізілетін 59-шы президенттік сайлауға жақындаған сайын елде жаңа типті коронавирус індеті себепті почта арқылы дауыс беру талас-тартысы да асқынып келеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп ресми Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемесінде:

"Биыл сайлаушыларға немесе әрқандай бір жерге сайлаушылардың талабынан тыс жолданған ерекше мөлшердегі дауыс беру қағаздары себепті 3 қараша сайлауының нәтижесі ешқашан нақтылы белгіленбейді. Кейбіреулердің қалағаны да осы" деді.

Почта арқылы берілген дауыстар себепті кейбір мәселелердің қазірден шыға бастағанын айтқан Трамп:

"Бұл почта арқылы дауыс беру жындылығын тоқтатыңдар" деген шақыру жасады. 



Ұқсас жаңалықтар