Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Үндістанда тағы 1174 адам қайтыс болды.

1492882
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 950 мың 628-ге жетті.  Расталған оқиға саны 30 миллион 356 мың, сауығып кеткендердің саны 22 миллион 46 мың болды.

Үндістанда тағы 1174 адам қайтыс болды.  Ковид-19-дан қайтыс болғандардың саны 84 мың 404-ке жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны да 96 мың 424 артты,  барлығы 5 миллион 214-ке жетті.

Эпидемия салдарынан 4 мың 634 адам қайтыс болған Қытай теңіз өнімдерінде коронавирус анықталған Индонезия фирмасынан импортты тоқтатты.

Мароккода Денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша хабарламасына қарағанда,  ковид салдарынан 28 адам қайтыс болды. 2 488 адамда вирус анықталды. Елде осылайда өлім-жітім 1714-ке, оқиға саны да 94 мың 504-ке жетті.  Энергия, кен және қоршаған орта министрі Азиз әр Раббах вирус жұқтырғанын жариялады.

Африка құрлығында эпидемиядан қайтыс болғандардың саны соңғы бір тәулікте 174 артты.  Барлығы 33 мың 484-ке жетті.  Құрлықта вирус жұқтырған адам саны болса 8 мың 614 артты.  Вирус жұққан адам саны 1 миллион 389 мың болды. 41 мың медициналық қызметкерде вирус анықталды. Бүгінге дейін ковид салдарынан ең көп өлім 15 мың 772-мен Оңтүстік Африка, 5 мың 715 –пен Мысыр, 1714-пен Алжирде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар