Эпидемия салдарынан өлім-жітім 944 мыңнан асты

Расталған оқиға саны 30 миллионға жақындады.

1492167
Эпидемия салдарынан өлім-жітім 944 мыңнан асты

Жаңа коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 944 мыңнан асты. Расталған оқиға саны 30 миллионға жақындады. Жазылып кеткендер саны болса 21 миллион 704 мың.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 201 мың 348-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 6 миллион 828 мың 301 болып тіркелді. Президент Дональд Трамп ковид-19 эпидемиясына қарсы вакцинаның қазан айының орталарында таратуға дайын болатынын білдірді. Вице-президент Майк Пенс АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы тарапынан бекітілген соң өзі мен жанұясының ковид-19 вакцинасын ойланбай егетінін атап көрсетті. Ақ Үй мәлімдемешісі Кайлей МакЭнани эпидемиямен күресте таптық иммунитет стратегиясын ешбір уақытта мақұлдамағандарын мәлімдеді.

Бразилияда тағы 987 адамның вирустан қайтыс болуымен өлім-жітім 134 мың 106,  оқиға саны 4 миллион 419 мың 83 болды. 

Мексикада соңғы бір күнде ковидтен көз жұмған 300 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 71 мың 978-ге, вирус жұқтырғандар саны да 4 мың 444-ке көбейіп, 680 мың 931-ге жетті. 

Эпидемияның Еуропадағы ошағы болған Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 20-ға көбейді. Жалпы өлім-жітім 41 мың 684-ке, вирус жұққандар саны 3 мың 991 жаңа оқиғаны қосқанда, 378 мың 219-ға жетті. Премьер министр Борис Джонсон эпидемиямен күресте екінші ұлттық карантиннің ел үшін экономикалық тұрғыдан үлкен бір апат болатынын білдірді.

Францияда эпидемиядан соңғы 24 сағатта 46 адам көз жұмды. Өлім-жітім осымен 31 мың 45-ке, вирус жұққандар саны 9 мың 784 артып, 404 мың 888-ге жетті. Оқу министрі Жан-Мишель Бланке жасаған мәлімдемеде оқушыларда ковид-19 анықталған соң жабылған мектеп санының 81-ге ұласқанын білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар