Шығыс елдерінде өлім-жітім жалғасуда

Ковид-19 эпидемиясында шығыс елдеріндегі соңғы жағдай.

1491792
Шығыс елдерінде өлім-жітім жалғасуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 939 мың 365-тен асып, расталған оқиға саны 30 миллионға жақындады. Сауығып кеткендер саны 21 миллион 448 мың 235 болды.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған мың 315 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 82 мың 91-ге жетті. Елдегі расталған оқиға саны соңғы 24 сағатта 90 мың 123 болса, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 5 миллион 20 мың 359 болып тіркелді.

Вирус салдарынан 6 мың 393 адам қайтыс болған Пәкістанда Түркия Маариф қорының Халықаралық мектептеріне қарасты 10 бөлек қаладағы 27 мектепте ковид-19 эпидемиясы шаралары қабылданып, бетпе-бет оқу басталды.

Африка құрлығында эпидемия себепті ең көп өлім тіркелген Оңтүстік Африка Республикасында соңғы 1 күнде 142 адамның қайтыс болуымен жалпы өлім-жітім 15641-ге жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 651 мың 521-ге өсті.

Ковид-19 салдарынан Сауд Арабиясында эпидемия салдарынан шамамен 6 айдан бері алғашқы Умра ғибадаты сатылы түрде басталады. Ішкі істер министрлігінің Умра ғибадатынасатылы түрде оралу жоспары ел көлеміндегі келушілерді қамтиды. Ковид-19 эпидемиясы салдарынан биыл қажылық ғибадаты Сауд Арабиясы тұрғындарына шектеулі болып, шетелден қажылыққа келушілер қабылданбаған еді.

Иракта ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта 80 адам қаза тапты. Соңғы мағлұматтармен вирус себепті көз жұмғандар саны 8 мың 166-ға жетті.

Елде 4 мың 244 жаңа оқиға анықталуымен вирус жұқтырған адам саны 298 мың 702 болды.

Индонезияда вирус салдарынан қайтыс болғандар саны 124 артып, 8 мың 965-ке, оқиға саны да 3 мың 507-ге көбейіп, 225 мың 30-ға жетті.

Ковид-19 салдарынан 128 адам көз жұмған Малайзияда соңғы 24 сағатта өлім тіркелмеді. Вирусты жаңа жұқтырған 23 адамды қосқанда, 9 мың 969 болды.

Жапонияда соңғы 24 сағатта Ковид-19 салдарынан 1 тәулікте өлген 13 адамды қосқанда, өлім-жітім мың 481-ге, оқиға саны 531 артып, 77 мың 283-ке жетті.

Оманда Ковид-19 салдарынан 7 адам қайтыс болды. Елде 438 жаңа оқиға тіркелді.

Кувейтте вирус салдарынан 5 адам көз жұмды. Елде 829 адамда жаңа типті коронавирус анықталды. Елде соңғы көрсеткіштермен жалпы өлім-жітім 568-ге, вирус жұқтырғандардың саны 96 мың 301-ге көтерілді.

1 адам қайтыс болған Катарда жалпы өлім-жітім 208-ге өсіп, 239 адамның инфекцияны жұқтырғаны, жалпы науқас санының 122 мың 214 болып тіркелгені білдірілді.

Эпидемиядан қайтыс болғандар саны Қазақстанда мың 671, Молдовада мың 144, Беларуста 761, Әзірбайжанда 566, Өзбекстанда 402, Тәжікстанда 73 болып жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар